Біз Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты серпінді дамытып келеміз - Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Армения мен Қазақстанды көпжылғы ізгі қатынастар байланыстыруда, оның бастауы - біздің ортақ тарихымыз,экономикалық, мәдени, тіпті діліміздің ортақтығы, біздің елімізде Қазақстаннан екінші отанын тапқан осынау ежелгі кавказ халқының өкілдері тату өмір сүріп жатыр. ТМД елдері басшыларының Алматыдағы кезекті кездесуі алдында ҚазАқпарат тілшісі Армения Республикасының Президенті С.А.Саргсянмен сұхбаттасты.
None
None

- Құрметті Серж Азатович, Сіз қазіргі таңдағы қазақстан-армян екі жақты қатынастарының даму деңгейін қалай бағалайсыз. Оны дамытудың келешегі қандай?

- Армения мен Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы бойынша, одақтас елдер, осыдан-ақ біздің қатынастарымызды білуге болады. Халықаралық тәжірибеде одақтастықтан артық елдер арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейі жоқ, бұл тараптардың  біріне қатер төне қалған жағдайда бір-бірімізді қорғауға өзара міндеттемелеріміз бар деген сөз. Біз бұл ынтымақтастықты серпінді дамытып отырмыз - Ұжымдық жедел әрекет ету күштерін құру арқылы да, шарттық-құқықтық базаны дамыту мен кең ауқымды бірлескен жаттығулар өткізу арқылы да.

Дегенмен мен экономикалық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін әлі толық пайдаланып отырған жоқпыз деп санаймын. Сондықтан да келешекте біз бизнес-қоғамдастықтарымыз арасындағы байланыстарды ынталандырып, олардың өзара іс-қимылы үшін қолайлы жағдай туғызып отыруға тиіспіз.  

- Келесі 2010 жыл - Қазақстанның ТМД елдері атынан ұжымдық кандидат ретінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалығы жылы. Бұл орайда бізге Армения белсенді қолдау көрсетуде. Сіз Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы перспективасын қалай бағалайсыз?

- Армения Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның төрағалығы кандидатурасын қолдады. Біз бұл шешімді қабылдай отырып, ҰҚШҰ-дағы одақтастық қатынастарымызды және Қазақстанның Оңтүстік Кавказ аймағындағы негізгі проблемалардан хабардар екенін, сондай-ақ Президент Назарбаевтың зор жеке тәжірибесін сөзсіз ескердік.

Біз Қазақстанға осынау географиялық жағынан ауқымды және көпқырлы Ұйымға төрағалықта сәттілік, ал Ванкуверден Владивостокқа дейінгі ЕҚЫҰ-ның бүкіл кеңістігіне бейбітшілік пен гүлдену тлейміз.

- Бүгінгі күні ең көбірек талқыланып отырған мәселе, - бұл әлемдік экономикалық дағдарыс болар, сірә. Дағдарыстық құбылыстарды еңсеруде Қазақстанмен ынтымақтастықтың рөлі қандай болмақ?

- Нұрсұлтан Әбішұлының қаржы дағдарысы қатерлеріне бірлесе отырып үнқатуды қарау жөнінде асқан ұшқыр ұсыныс жасағаны есімде. ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қорын қалыптастыру идеясы да осында, Қазақстанда өмірге келді. Біздің елдеріміз арасында осындай қордың қызметі тетіктерін жолға қою жөнінде елеулі жұмыстар жүргізілді деп ойлаймын. Дегенмен, дағдарыс күтіп тұрмайды, сондықтан да біздің елдеріміздің экономикасы қор қызметінің ықпалын тезірек сезінетіндей іс қимылға көшу қажет.

- Құрметті Серж Азатович, Сіздің Қазақстан Президентімен ізгі қарым-қатынастарыңыз армян-қазақстан әріптестігін дамыту серпініне қалай әсер етуде?

- Біз Қазақстан Президентімен әуелден таныспыз. Арменияда оны жақсы біледі және құрметтейді - ол сонау 1991 жылы күзде Президент Ельцинмен бірге жанжалды тоқтатуға және диалогты жолға қоюға жәрдемдесу мақсатымен Ереванда, Таулы Қарабақта және Бакуде болған еді.

Нұрсұлтан Әбішұлы - орасан мол тәжірибесі бар Мемлекет басшысы, Сіздің тамаша еліңіздің келешегін жақсы білетін көреген көшбасшы және сарабдал адам.

Президент Назарбаев аймақ елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға орасан зор үлес қосып келеді, ол көпвекторлық ықпалдастық үдерістерінің белсенді бастамашысы. Қазақстан күн өткен сайын көркейіп, күшейе түсуде. Мен Қазақстан халқына менің аса құрмет тұтатын әріптесім мен досымның басшылығымен прогреске және игілікке жетулеріне тілектестігімді білдіремін.

Соңғы жаңалықтар