Біз Қазақстанмен ынтымақтастық қатынастарды жаңа мазмұнмен байытуға мүдделіміз - Пәкістан Президентінің м.а. және Сенат төрағасы Фарук Наик

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Пәкістан Қазақстан Республикасымен екіжақты қатынастарды дамытуға зор маңыз береді, әріптестікке және оны тереңдетуге, сондай-ақ жаңа мазмұнмен байытуға мүдделі.
None
None

Біздің елдеріміз арасындағы достық қатынастарды нығайту Пәкістан сыртқы саясатының басты мақсаттарының бірі болып табылады. Бұл туралы Исламабадта Қазақстан мен Пәкістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 20 жыл толуына орай ресми қабылдауда құрметті қонақ Пәкістан Президентінің міндетін атқарушы және Парламент Сенатының төрағасы Фарук Наик мәлім етті.

«Осы жылдар ішінде қазақстан-пәкістан қатынастары өзара құрмет, өзара түсіністік пен ынтымақтастық негізінде көп жылдық туыстық пен достыққа ұласқанына өте қуаныштымын. Өз үкіметімнің, парламенттің және бүкіл пәкістан халқының атынан Қазақстан Республикасының үкіметі мен халқына зор қанағаттанғандық сезіммен ең ізгі тілектерім мен шын жүректен шыққан құттықтауымды білдіремін», - деп атап өтті Фарук Наик.

Соңғы жаңалықтар