Біз Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуға ұмтылысын қолдаймыз - Қазақстандағы Еуропалық комиссия өкілдігінің басшысы Норбер Жустен

Бұл туралы бүгін Қазақстандағы Еуропалық комиссия өкілдігінің басшысы Норбер Жустен «Жаңа онжылдық: болашақтар мен талаптар» атты тақырыптағы ІV Астаналық Экономикалық форумы аясындағы сессия барысында айтты.
«Біз Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуға ұмтылысын қолдаймыз», деп атап өткен ол Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жолына шығуына және ДСҰ ұстанымдарын қалыптастыруға көмектесуге дайын екендігін баса айтты.
«Қазірдің өзінде Қазақстан Еуропалық Одақ үшін маңызды әріптес болып саналады. Қазақстан ірі сауда әріптесі, ал Еуропалық одақ Қазақстанда ірі инвестор болып табылады», - деді Н.Жустен.
Оның атап өтуінше, 2010 жылы Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 48 пайызға өскен. Сонымен қатар еліміз импорттайтын тауарлардың төрттен бірі Еуропалық Одақ елдерінің үлесіне тиесілі.
«Біз, Еуропалық Одақ және Қазақстан қазіргі таңда және ұзақмерзімді перспективада сауда қарым-қатынасының нығаюына зор маңыз береміз», - деді ол.