Біз келешекте де Қазақстанның Грузия экономикасын инвестициялайтындығына сенімдіміз - Николоз Гилаури

әуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Грузия Премьер-Министрі Николоз Гилаури Қазақстан келешекте де Грузия экономикасын инвестициялауды жалғастыратындығына сенімді.
None
None

Ол бұл пікірін бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен өткізген кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Қазақстанмен қарым-қатынасымызды қарқындатудамыз және стратегиялық сипаттағы жобаларды дамытудамыз. Бүгінде Қазақстан тарапынан Грузияның экономикасына айтарлықтай инвестиция салынды. Біз бұл бағыттағы қозғалыстар жалғасады деп үміттенеміз», деді келіссөздер кезінде Н. Гилаури

Ол Грузия мен Қазақстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық қарым-қатынастар қарқынды дамып отырғандығын айта келе, өзінің осы сапары аталмыш салалардағы байланыстарды одан әрі үдетуге серпін беретіндігіне сенім білдірді. Осы орайда ол алдағы уақытта Тбилисиде Қазақстан мен Грузия арасындағы Үкіметаралық комиссияның отырысы өтетінін атап көрсетті. Сонымен қатар ол К. Мәсімовті Грузияға сапармен келуге шақырды. Өз кезегінде Қазақстан Үкіметінің басшысы екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту бағытында үкіметтік деңгейде жиі-жиі кездесулер ұйымдастырып отыру қажеттігін атап көрсетті. К. Мәсімовтің айтуынша, шағын құрамдағы кездесуде Қазақстан мен Грузия арасындағы сан-салалардағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды мәселелері талқыланған.

Соңғы жаңалықтар