16:56, 20 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Біз компаниялардың өз бизнесін тиімді басқаруына көмектесеміз - Алексей Будин
АЛМАТЫ. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тұтыну нарығында бизнесті дамытуға қатысты жаңа өнімдер өте көп. Алайда оның ең қажеттісін сатып алу үшін дұрыс шешім қабылдауға тәжірибелі маманның кеңесі керек. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан "Бизнес үшін тың шешімдер" деп аталатын IT-Fresh семинарында айтылды.

"Қазір ақпараттық технология нарығында ақпарат өте көп. Бұл халықаралық семинарлар топтамасының басты мақсаты - тұтынушылардың жанды қарым-қатынасын жасау. Онда өз саласында 5-10 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан нақты компаниялар бизнесті басқарудағы жаңа шешімдердің тиімділігіне қатысты өз тәжірибелерімен бөліседі", - дейді "ELMA" компаниясының директоры Алексей Будин. Оның айтуынша, бұл шараға өндірістік, банктік, сервистік қызмет салаларындағы 80 компанияның 100-ге жуық өкілі қатысып жатыр. Ұйымдастырушылар барлық компанияларға өз ұсынысын таратқан болатын. Мұнда өз бизнестеріне қатысты нарықтағы тың шешімдер мен жаңа ағымдармен танысқысы келгендер ғана қатысуда.