Біз Мемлекет басшысының құқық қорғау органдарын реформалауға қатысты барлық тапсырмаларын жедел орындауымыз қажет - Үкімет басшысы

СТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Біз Мемлекет басшысының құқық қорғау органдарын реформалауға қатысты барлық тапсырмаларын жедел орындауымыз қажет. Бүгін Үкімет үйінде аталған мәселеге орай өткізілген кеңес барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай деді.
None
None

Елбасының тапсырмасына сәйкес Үкімет Президент Әкімшілігімен және Қауіпсіздік кеңесімен бірлесіп, Мемлекет басшысы алға қойған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бір айдың ішінде бекітуі керектігін атап өткен К.Мәсімов «мен Қауіпсіздік кеңесі Президент Әкімшілігімен бірге бұл жұмысты үйлестіруін ұсынамын», деді.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Қаржы министрлігіне Әділет, Денсаулық, Білім және ғылым, Көлік және коммуникация министрліктерімен, басқа да органдармен бірлесіп, 1 апталық мерзімде, яғни Үкіметтің келесі отырысына жекелеген мемлекеттік органдарды құру, тарату, олардың қызметтерін бөлу, қаржыландыру, штаттық кестесін анықтау туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірлеуге тапсырды.

Соңғы жаңалықтар