Біз нәрестенің де, оның анасының да өмірін сақтауға міндеттіміз - Н.Назарбаев

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың сол жағалауында бой көтерген жаңа перинаталдық орталықтың ашылу салтанатына қатысты,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өз сөзінде Президент бүгін  денсаулық сақтау саласындағы екінші құрылыс нысанын ашып отырғандығын атап өтіп: «Бүгін менің қатысуыммен ашылған №2 емхана мен осы перинаталдық орталық заманауи технологиялармен жабдықталған. Енді, оның халыққа қызмет ету сапасы осында  жұмыс істейтін мамандарға тікелей байланысты», - деді.

Сондай-ақ Елбасы қазіргі кезде республика аумағында осы іспетті нысандардың көптеп салынып жатқандығына тоқталып,  Қазақстан халқының санын 20 млн. адамға дейін жеткізу тапсырмасын тағы бір мәрте еске салды. «Ол үшін біз балаға босану кезінде нәрестенің де, оның анасының да өмірін сақтауға міндеттіміз», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар