Біз «Нұр Отан» ХДП Халықтық тұғырнамасының маңызды параметрлері орындалғанын айта аламыз- ҚР Премьер-Министрі

ТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Біз «Нұр Отан» ХДП Халықтық тұғырнамасының маңызды параметрлері орындалғанын айта аламыз. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы парламенттік фракциясының отырысында сөйлеген сөзінде айтты.
None
None

Дағдарысқа қарсы бағдарламаға Ұлттық қордан жалпы есеппен 1,5 триллионнан астам теңге бөлінді. Үкімет қабылдаған шаралар қаржы секторын тұрақтандыруға және экономикаға төнген рецессия қаупін жоюға мүмкіндік берді.

«Қазақстанның банк секторының сыртқы қарызы 2007 жылғы 46 миллиард АҚШ долларынан 2011 жылдың наурыз айында 16,6 миллиард АҚШ долларына дейін қысқарды. Екінші деңгейлі банктердің сыртқы қарыздары 29,4 миллиард АҚШ долларына төмендеді. Ұлттық қордың активтері 2007 жылғы қаңтар айындағы 14,7 миллиард АҚШ долларынан 2011 жылдың тамыз айында 40,3 миллиард АҚШ доллары көлеміне дейін өсті. Және бұл тарихи дерек Мемлекет басшысының көрегендігін тағы да дәлелдеп отыр», - деп атап көрсетті Кәрім Мәсімов.

«Қол жеткізген жетістіктерге баға бере отырып, партияның Халықтың тұғырнамасының дағдарысқа дейінгі кезеңде әзірленіп, әлемдік дағдарыс жағдайында жүзеге асырылғанына қарамастан, оның маңызды көрсеткіштерінің орындалғанын айта аламыз», - деп атап көрсетті К.Мәсімов.

«Халықтың күнкөрістің шегінен төмен кірісі бар үлесі 2010 жылы 6,5 пайызға дейін екі есе қысқарды. Бюджет қызметкерлерінің орташа жалақысы 2 есе ұлғайды және 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 67 мың теңгеден асты». - деді К.Мәсімов.

Халықтың кіістері мен екінші деңгейдегі салымы көлемінің өсуі бұған дәлел бола алады. 2011 жылғы шілдеде ол 2007 жылдың қаңтарымен салыстырғанда, 1,5 трлн. Теңгеге өсіп, 2011 жылы2,5 трлн. Теңгеден асты.

Соңғы жаңалықтар