Біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жемісін көріп отырған ұрпақпыз - Елбасы

амырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Біз қазіргі заманда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жемісін көріп отырған ұрпақпыз. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік концерт алдында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Істеген еңбектеріңіз үшін, жас кездеріңізде жан аямай Отанды қорғап, кейінгі ұрпақтарыңызға бейбіт өмір сыйлағандарыңыз үшін біздер, Сіздерге өмір бақи қарыздармыз. Халық, келешек ұрпақ осыны білулері тиіс. Фашистер немістен басқа жұртты адам -ғұрлы санамады, сол сұрапыл соғыста олар жеңгенде қазақ қайтер еді, ұлт ретінде сақталып қалар ма едік, жоқ па, белгісіз. Мінеки, біз қазір Жеңістің жемісін жеп отырған ұрпақпыз. Сол үшін де Сіздерге көп рахмет», деді Мемлекет басшысы ардагерлерге қаратып айтқан сөзінде.

Елбасы осы орайда Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен ардагерлерге келешек ұрпақ бастарын иіп, тағзым ететінін атап өтті. «Сіздер соғыстың отты жылдарынан аман-есен өтіп, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасқанын көрдіңіздер. Менің ойымша, Сіздер бақытты адамсыздар. Алайда, біздер сұрапыл соғыс алаңынан оралмаған, Отан үшін өмірін қиған адамдарды да есімізде сақтауымыз керек. Олар біздің есімізде. Біздер жыл сайын әрбір ауылда, ауданда, қалада қып-қызыл гүл шоқтарын мәңгілік алауға апарып қойғанда, соғыста қаза тапқандарға тағзым етіп, оларды есімізге аламыз», деді Н. Назарбаев.

Елбасы ардагерлерге әлеуметтік, материалдық және рухани жағынан мемлекет қыруар көмек көрсетіп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Тәуелсіздік сарайында бүгін 16 елордалық ардагерге Астана қаласында пәтер кілттерін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы мерейтойлық медальдарды табыс етті.

Соңғы жаңалықтар