Біздер Қазақстанның қол жеткізген табыстарын жоғары бағалаймыз - РФ Муфтилер кеңесінің төрағасы Р.Гайнутдин

Ол кездесуді ашу кезінде сөйлеген сөзінде Ресей мен Қазақстанның арасында бауырластық пен өзара түсіністікке негізделген дәстүрлі байланыс орнағанын атады. «Біздер әрқашан да бір-бірімізге арқа сүйей алғандықтан, қарым-қатынастарды одан әрі ұстанғанымыз маңызды. Біздер Қазақстанның қол жеткізген табыстарын жоғары бағалаймыз және мақтан етеміз», - деді Р.Гайнутдин.
Муфтилер кеңесінің төрағасы сонымен қатар, Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің өткізілуін толық қолдайтынын атады. Оның айтуынша, III съезд жұмысына қатыса отырып ол Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық келісімдерге үлкен көңіл бөлетініне көз жеткізген. «Съезд діндер арасындағы диалогтың дамуына қосылған үлкен үлес және маңызды оқиға болды», - деді Р.Гайнутдин.
Муфти Қазақстанның әлемдік аренадағы беделі өте жоғары екенін атады. Посткеңестік елдер аумағында Қазақстанда тұрақты түрде өткізіліп отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі сияқты форумның әзірге жоқтығын атады.
Қ.Тоқаев бас мешітте болу мүмкіндігіне ие болғаны, сондай-ақ Қазақстанның атына айтқан жылы сөздері мен берген бағасы үшін алғысын білдірді. Ол сонымен қатар, Н.Назарбаевтың Түркияға жасаған сапары барысында ҚР Президентінің түркі әлеміндегі көшбасшы деп танылғанын атап айтты. Сенат спикері сонымен қатар, муфтиге Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезіне жеке өзінің қатысқаны және сөз сөйлегені, ресейлік делегацияның осы форумға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты. Осы бағытта одан әрі ынтымақтастықтың қажеттілігіне сенім білдірді.