Біздердің ардагерлеріміз біздерге ең бастыны берді - олар біздерге бостандықты жеңіп алды - Ресей Президенті

ӘСКЕУ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Біздердің ардагерлеріміз біздерге ең бастыны берді - олар біздерге бостандықты жеңіп алды.
None
None

Бүгін, мамырдың 9-ы күні Ресей астанасы Мәскеуде өтіп жатқан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған әскери парадта сөйлеген сөзінде Ресей Президенті Дмитрий Медведев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Уақыттың орасан билігі бар, алайда олар адамның жадынан, біздер мен сіздердің жадымыздан әлсіз. Біз майдандарда шайқасқан солдаттарды, зауыттарда ерлерді алмастырған әйелдерді, өздерінің жасы үшін ақылға сыйымсыз сынақтардан өткен балаларды ешқашан да ұмытпаймыз. Олардың барлығы - соғыстың батырлары. 1945 жылы тек қана әскери жеңіске ғана емес, сондай ақ үлкен адамшылық жеңіске, ортақ жеңіске қол жеткізілді. Ол жеңіс үшін бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының барлық халықтары күресті. Жеңісті біздердің одақтастарымыз жақындатты», деді Д. Медведев.

Ресей басшысы осыдан алпыс бес жыл бұрын ұлтшылдықтың күйретілгенін, тұтастай бір халықтарды қырған машинаның тоқтатылғанын атап көрсетті. «Біздердің елдерімізге және бүкіл Еуропаға бейбітшілік қайтарылды. Жаңа өркениетті күл-талқан етуші идеологияға нүкте қойылды. Кеңес Одағы фашизмнің негізгі соққысын қабылдады. Олар шығыс майданға өздерінің әскерлерінің төрттен үшін жіберді. Біздің елімізді күл-талқан еткісі келді. Алайда жанқиярлығы мен күші жағынан теңдессіз қарсылыққа тап болды. Мәскеу мен Ленинградтың қорғанысы, Сталинград үшін шайқас, Курскі доғасы - бұлардың барлығы сол соғыстық кезеңдер ғана емес, бұлар - қан мен жас, жеңілістің күйінуі, жеңістің қуанышы, әскери жолдастардың жаралары мен қазасы болды. Жеңу керек не болмаса құл болу керек деген бір ғана таңдау болды. Бұл соғыс бізді күшті ұлт етті. Майдан алаңдарында, тылдарда күн сайын, сағат сайын, әр минут сайын адамдар шешімдер қабылдады. Біздің ардагерлер елдің тағдыры үшін айрықша жауапкершілікті ғұмыр бойы арқалап келеді», деді Д. Медведев.

Соңғы жаңалықтар