Біздің арамызда әлі де түсініспеушіліктер бар - ЕҚЫҰ-ның өкілі А.Кильчевский
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өз сөзін қазақ тілінде бастаған А.Кильчевский Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 20-шы төрағасы ретінде өз жұмысын ойдағыдай бастағанын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, ұйым аясындағы қауіпсіздік үш басымдыққа әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адам құқықтарын сақтау қағидатына негізделуі тиіс. «Ал осы қауіпсіздіктің түп қазығы, әрине, ынтымақтастық болуы тиіс. Мәселен, Тәжікстанда өткен сайлауды бақылаған ұйым өкілдері бұл науқанның кейбір заң бұзушылықтармен өткендігін анықтаған. Ал ТМД елдерінің байқаушылары сайлаудың мінсіз өткендігін алға тартып отыр. Бұл екі жақтың түсініспеушілігін көрсетсе керек. Сондықтан осы орайда біз әлі де бірлесіп жұмыс жасап, бір-бірімізді түсіну жолында еңбек етуіміз қажет-ақ. Қазақстанның бастамасымен өткізілетін ЕҚЫҰ-ның кезекті саммитінде осы және басқа да мәселелер қаралып, өз шешімін табады деген сенім бар», - дейді А.Кильчевский.