Біздің арманымыз - Елбасы Жолдауында белгіленген жоспарларға өз үлесімізді қосу - мектеп оқушыларының ғылыми олимпиадасының алтын жүлдегері

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Біздің басты арманымыз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген жоспарларға өз үлесімізді қосу, деді тараздық «Дарын» мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Бауыржан Әбубәкір республикалық ғылыми жарыстар жүлдегерлерінің кездесуінде.
None
None

Оның алтын медальға қол жеткізген ғылыми жобасының тақырыбы - «Қазақ тілі смарт-телефондарда». «Менің жұмысыма «Nokia» компаниясы назар аударып, осы жобаны жүзеге асыруға ынтымақтастықты ұсынғанына қуаныштымын», - деді ол.

Алматыда өткен жарыстарда жамбылдықтар 11 медальді - бір алтын, үш күміс және жеті қола жүлделерді иеленді. Соның ішінде дарынды балаларға арналған «Дарын» мектебінің балалары бес наградаға ие болды, тағы біреуіне - қазақ-түрік мектеп-интернаты және тағы бес жүлдені тараздық басқа мектептер алды.

«Дарын» мектеп-интернатының директоры Айман Садықова бұл жеңістердің оңайға түспегенін айтады. «Ал оқушылардың жеңісі - біздің де жеңісіміз», - деді ол.

Жамбыл облысы жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды. «Соңғы жылдары біздің облыс үнемі жүлделі орындардан көрініп келеді. Бұл біздің балаларымыздың әлеуеті зор екенін көрсетеді. Олар күні ертең өздерінің қазіргі жобаларын нақты іске айналдыра алады, сөйтіп, Елбасымыз белгілеген мақсаттарды жүзеге асыруға өз үлестерін қостан болады», - деді А.Садықова.

Соңғы жаңалықтар