Біздің аймаққа сапарымыздың мақсаты - инвестициялық жағдай туралы көбірек білу және оларды жапондық кәсіпкерлерге жеткізу - жапон елшісі Н. Сигэо мырза

ӨСКЕМЕН. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Жапонияның Қазақстандағы елшісі Нацуи Сигэо Шығыс Қазақстанның басшылығымен болған кездесуде, жапондық бизнес-топтардың өкілдеріне Өскеменге бірге баруды ұсынған кезде, келгісі келгендердің көп болғанын айтып өтті.
None
None

«Көптеген жапондық кәсіпкерлер сіздердің облыстарыңызбен, аймақтың мүмкіндіктерімен танысуға ықылас білдіруде», - деді ол аймақ әкімшілігімен болған кездесуде.

Нацуи Сигэо Өскеменге бірінші рет келіп отыр, бірақ та делегацияның құрамында өңірге бірнеше рет келгендер де бар. «Марубени» корпорациясының Астанадағы кеңсесінің директоры Негишо Кунио, олардың компаниясы алғашқылардың бірі болып Қазақстанда екі ірі инвестициялық жобаны - Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Астана әуежай жобаларын жүзеге асыруды бастағанын айтты. Оған қоса, компанияның уран және күкірт өңдеумен байланысты да жобалары бар. Н.Кунио мырза сондай-ақ, компанияның біздің еліміздегі бизнесін кеңейтуді жоспарлап отырғанын атап көрсетті.

Ал «Банк оф Токио-Мицубиси» компаниясының алматылық кеңсесінің директоры Томи Мичио, банктің Қазақстандағы инвестициялық ахуал туралы мәліметтер жинайтынын және оларды жапондық бизнес-топтарға беріп отыратынын жеткізді. Аталмыш компания осы уақытқа дейін Қазақстанның экономикасына 1 миллиард доллардай инвестиция салып отыр.

«Біздің аймаққа сапарымыздың мақсаты - инвестициялық жағдай туралы көбірек білу және оларды жапондық кәсіпкерлерге жеткізу», деп түйіндеді өз сөзін жапон елшісі Н. Сигэо мырза.

Соңғы жаңалықтар