«Біздің елімізде бейбітшілік пен келісімге бар жағдай жасалған» - облыс әкімі сыйлығының иегері Бағдат Есдәулетова
Құрмет грамотасымен сондай-ақ, Семей және Риддер қалаларындағы, Глубокое және Шемонаиха аудандарындағы Достық үйлерінің директорлары - Михаил Панин және Ольга Корень, Мария Пекур және Ольга Ушаковалар марапатталып отыр.
«Қазақстандық әрбір отбасында ізгілік пен сүйіспеншілік, қуаныш пен бақыт болсын. Ол үшін біздің елімізде барлық жағдай жасалған, сондықтан да біз Отанымызды қорғап, ел тыныштығын сақтауымыз керек», - деп атап көрсетті Бағдат Оразбайқызы өз сөзінде.
Бүгінде облыс аумағында 74 этномәдени бірлестік жұмыс істейді және олардың жұмысы Шығыс Қазақстанда мекен ететін 130-дан астам этностың бірегей мәдениетін, тілдерін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауға көмектеседі.