Біздің халқымыз бен Ассамблея - тату-тәтті қатар өмір сүрудің жарқын бір үлгісі - Т.Кузина

ПАВЛОДАР. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін Астанада өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясының жұмысына Славян орталығы басқармасының төрайымы Татьяна Кузина да қатысады.
None
None

Татьяна Ивановна ТМД елдеріндегі ең ірі этномәдени бірлестік болып табылатын осынау павлодарлық орталықты 15 жыл бойы басқарып келеді. Ол кісі жыл сайын славян мәдениеті және жазуы фестивальдерін, жастар арасында орыс әдебиетінен конкурстар ұйымдастырып отырғаны үшін Ресей Федерациясының «Пушкин» медалімен марапатталған. Славян орталығында «Славянка» фольклорлық вокалдық ансамблі, «Рябинушка» ардагерлер хоры, «Раздолье» хореографиялық ансамблі ұйымдастырылған. Масленица және Наурыз мерекелері Павлодар халқы жақсы танитын осынау өнер ұжымдарынсыз өтпейді, олар сондай-ақ Қазақстан халқының мәдениеті мен өнерінің жыл сайынғы облыстық фестивальдеріне қатысады.

Татьяна Кузина жастарға да үлгі болып отырған тұлға, Славян орталығында жастардың патриоттық клубы жұмыс істейді.

«Біздің халқымыз бен Ассамблея - тату-тәтті қатар өмір сүрудің жарқын бір үлгісі. Біз, қоғамымыздағы тұрақтылықты сақтай отырып, тарих көрсеткен барлық сынақтың тезінен аман-есен өттік. Әрі қарай да осынау бейбіт өлкеде өмір сүре береміз - біздің балаларымыз өз тілдерін сөйлейтін, өз салт-дәстүрлерін сақтайтын, бірін-бірі құрметтейтін және Қазақстанның ашық аспаны астындағы ортақ шаңырақта бірге өмір сүретін болады», дейді Татьяна Ивановна.

Соңғы жаңалықтар
Референдум