16:21, 22 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Біздің қаланың тұрғындары болашаққа сеніммен қарайды - Арыс қаласының әкімі
ТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Серік Сәбеков/ - Бүгін «Менің Қазақстаным» мерейтойлық пойызы Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласына келді.

Қонақтарды қала әкімі Қанат Сыдықов қарсы алды.
«Тәуелсіздік жылдары біз түрлі салалардың дамуында өте жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Бүгінгі күні біздің ауданда жаңа мектептер салынып, жолдар жөнделіп, азаматтардың әлеуметтік мәртебесі жақсарған. Адамдарда ертеңгі күнге деген сенім пайда болды», - деп атап өтті ол.
Қ.Сыдықовтың айтуынша, үстіміздегі жылдың сегіз айында қала бюджеті 4 миллиард 620 миллион теңгені құрап, жоспарланғанды 200 миллионнан астам теңгеге асырды. Ауданда ауылшаруашылығы өнімдерін шығаратын 1300-ден астам кәсіпорын бар.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылы жергілікті кәсіпорындармен 2786,8 мың теңгенің өндірістік өнімдері шығарылды.