Біздің мақсатымыз қазақстандық туристерді елімізге көптеп тарту - Үндістан Туризм министрлігінің өкілі

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Үндістанға саяхаттаушы қазақстандықтардың саны мүлдем аз. Біздің мақсатымыз қазақстандық туристерді елімізге көптеп тарту. Оны бүгін Үндістан Туризм министрлігінің Еуропа және ТМД аумағы бойынша директоры Мұхамед Жәбед журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Оның айтуынша, Үндістанда 5 мың туристік агенттік жұмыс істейді. Олардың басым көпшілігі қазақстандықтарды Үнді еліне саяхаттауға шақырып отыр.

«Саяхаттаушылар үшін Үндістанның әр аймағы әр түрлі болып келеді. Өткен жылы елімізге 7 мың қазақстандық азамат саяхат жасады. Бұл көрсеткіш біз үшін мүлдем аз. Алдағы уақытта Үндістан басшылығы бұл көрсеткішті арттыруға күш салғалы отыр», деді М. Жәбед.

Соңғы жаңалықтар