Бізге елдің татулығы керек - Антоний, Орал және Ақтөбе архиепископы

ОРАЛ. 16 қараша. ҚазАқпарат - «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға сәйкес Орал епархиясының барлық приходтары қойылған талапқа түсіністікпен қарап, бәрі де мезгілінде қайта тіркеуден өтті. Өзім және епархияның дінбасылары бұл істі бірауыздан мақұлдаймыз. Бұл туралы Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, кейбір сектанттар әділет орындарын алдап, өздерінің сенімдерінің тіркелімге тыйым салатынын желеу етіп, тіркелгісі келмейді. «Мен облыстық әділет департаментінде өткен бір жиналыста олардың әрекетінің жалған екенін айттым. Евангелиеде Құдайдың анасы - Богородица, Кесардың Жарлығына бағынып, халық санағынан өту үшін Вифлеемге барып, сонда біздің Жаратушымыз Ғайсаны өмірге әкелген. Жұрттың бәріне ортақ, мемлекетіміздің заңына бағынғысы келмейтін олар кімдер? Олар немене Құдайдың анасынан бетер қасиетті ме?

Біздің Президентімізге мың да бір рақмет!  Қазақстанда ұлттар арасында татулықтың сақталуы ең алдымен Елбасының арқасы. Бізге елдің бірлігі керек. Бәріміз сол мақсат жолында жұмыстануымыз керек», деді Антоний әкей.

Соңғы жаңалықтар