Бизнес құрылымдарының жарғылық капиталы 0 теңге болуы тиіс - Серік Ахметов

АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда еліміздегі бизнес жүргізуді жеңілдету және тіркеу іс-шараларын оңтайландыру бойынша бірқатар ұсыныстар бар. Осы мәселемен айналысатын жұмыс тобы шағын бизнес нысандарының жарғылық капиталын  0 теңгеге теңестіруді ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Ахметов мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде еліміздегі бизнес жүргізуді жеңілдету жолында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, «Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуін жеңілдету туралы» Заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына жіберіліп отыр. Оған сәйкес тіркеу мерзімін екі есе, яғни 9 күннен 5 күнге дейін, ал қаржылық шығындарды 10 есе қысқарту көзделген.

«Осы мәселемен айналысатын жұмыс тобы шағын бизнес нысандарының жарғылық капиталын 0-ге дейін төмендетуді ұсынып отыр», деді С. Ахметов.

 ҚР Премьер-Министрінің орынбасары атап көрсеткеніндей, осы уақытқа дейін еліміздегі рұқсатнама жүйесін жетілдіру бойынша арнайы тұжырымдама мақұлданды. Отандық бизнес шарттарын жеңілдету жұмыстарына дүниежүзілік банк сарапшылары тартылып отыр. «Аталған шаралар еліміздегі бизнес ахуалын жақсартуға және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға өз септігін тигізеді», деді С. Ахметов.

Соңғы жаңалықтар