18:06, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Бизнесті жүргізудегі 10 көрсеткіштің жетеуінде Қазақстанның рейтингі әлі де аса жоғары емес ? Дүниежүзілік банктің аға экономисі
АЛМАТЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бизнесті жүргізудегі 10 көрсеткіштің жетеуінде Қазақстанның рейтингі әлі де аса жоғары емес. Оны Дүниежүзілік банктің Бизнесті жүргізу саласындағы реформалар бойынша техникалық көмек департаментінің аға экономисі Стефка Славова бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Біздің негізгі жұмыс орнымыз Вашингтонда. Қазір біз бизнесті жүргізуге қатысты зерттеулерді әлемнің 50 елінде жүргізіп жатырмыз. Қазақстанда бизнесті жүргізуде жетілдіруді қажет ететін 7 көрсеткішке ерекше мән берілуде. Бұған осы көрсеткіштер жағынан Қазақстанның рейтингі әлі жеткілікті дәрежеде жоғары болмауы түрткі болып отыр. Олар ?жеке істі бастауды тіркеу, құрылысқа рұқсат алу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, халықаралық сауда, банкроттық жағдайында төлем қабілеттілігінен айрылған шаруашылық субьектілерінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіруге қатысты шаралар. Ал несие алу мен инвесторларды қорғау көрсеткіштері негізінен құқықтық сипатта», дейді Стефка Славова. Оның айтуынша, Дүниежүзілік банктің Бизнесті жүргізу саласындағы реформалар бойынша техникалық көмек департаментінің сарапшылар тобы қаңтар айынан бастап бұл 7 көрсеткіш бойынша Қазақстанда 7 жұмыс тобын құрған. Сондай-ақ апта сайын олармен бейнеконференциялар ұйымдастыруда.