«Бизнестің жол картасы -2020» аясында 2 мыңнан астам жоба мақұлданды
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жаңа бизнес-бастамаларды, экспортқа бейімделген өндірісті қолдау және кәсіпкерлік секторды сауықтыру шеңберінде жалпы несие сомасы 585,387 млрд теңге болатын субсидияланған 2093 жоба мақұлданған», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Оның ішінде бизнес-бастамаларды мақұлдау бойынша 1714 жоба, кәсіпкерлік секторды сауықтыру бойынша - 223 жоба, экспортқа бейімделген өндірісті қолдау бойынша - 156 жоба мақұлданған.
Мақұлданған жобалар саны бойынша Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласы алдыңғы қатарда екенін айта кету қажет.
Несие қоржыны бойынша мақұлданған жобалар саны жағынан Алматы қаласы, Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары алдыңғы орындарда.
Естеріңізге сала кетейік, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының мақсаты - экономиканың шикізат емес секторындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты әрі теңгермелі өсуін қамтамасыз ету және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру.