«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясындағы қолдау шикізаттық емес секторда жұмыс істейтін кәсіпорындарға көрсетілуі тиіс - Елбасы

қпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау экономиканың шикізаттық емес секторында жұмыс істейтін шағын бизнес кәсіпорындарына ғана көрсетілуі тиіс.
None
None

Бүгін Ақордада өткен ҚР Президенті жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің 1-ші жалпы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бұл үшін тағы да ынталандыру шараларын қалыптастыруда. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін кәсіпорындарды құру бөлігінде де, жаңа жобаларға қолдау көрсету бөлігінде де өте нақты критерийлер жасалуы тиіс. Қолдау экономиканың шикізаттық емес секторында жұмыс істейтін шағын бизнес кәсіпорындарына, индустрияландыру бағдарламасы аясында басымды секторларда жұмыс істейтін кәсіпорындарға ғана көрсетілуі тиіс», деді Елбасы.

Президент перспективасы жоқ өмірге қабілетсіз кәсіпорындарға көмектесудің қажеті жоқтығын айтып: «олар үшін басқа әдістер қолданылады», деді.

Сонымен қатар, Президент шағын және орта бизнес үшін банктер тарапынан берілетін несиенің пайыздық жүктемесінің нақты төмендетілгенін кәсіпорындар сезінуі тиістігін айтты. «Бизнестің жол картасының барлық бағыттары бойынша банктер мен кәсіпорындардың өзара іс-қимылының бүкіл үдерісі Үкіметтің тыңғылықты басқаруымен және бақылауымен жүруі тиіс», деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар