«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы Батыс Қазақстан облысының дамуына да серпін беретін болады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға облыс әкімдіктері, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, екінші деңгейдегі банктер қатысады. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазагро» АҚ мен олардың еншілес кәсіпорындарының қатысу мәселесі де шешілуде.
Батысқазақстандық кәсіпкерлер бұл ретте өнімдерін экспортқа шығару үшін өз өндірісін дамытуды көздейді. Осы орайда қолға алынған жобалардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығы бағытында болып отыр. «Бірінші кезекте ішкі нарықта аса қажетті өнімдерді өндіруге бағытталған жобаларға демеуқаржы берілуі тиіс. Сондай-ақ экспорттық өнім өндіруге ниеттенген кәсіпкерлерді де қолдаусыз қалдыруға болады. Облыста экономиканы нығайтып, инфрақұрылымды дамытуға, бәсекеге қабілетті өнім өндіруге септесетін жобалар жеткілікті. Бұл жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік береді», деді Р.Сапарғалиев.