«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 741 субсидиялау келісімшарты жасалды

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Экономикалық стратегияны кезеңмен жүзеге асырудың нәтижесінде Қазақстан экономикалық жаңғырту саласында айтулы жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
None
None

Тәуелсіздіктің 20 жылында мемлекет бизнес-климатты жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту үшін маңызды реформаларды жүзеге асырылды. Бүгінде елімізде шағын және орта бизнес табысты дамуда, деп хабарлады Білім Pm.kz сайтынан.

«Тәуелсіздік жылдары шағын және орта бизнес 35 еседен астамға өсті», - деп мәлім етті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиында.

Экономикамыздың шикізаттық емес секторларындағы шағын және орта бизнестің өсуін қамтамасыз ету және жалпы халықтың іскерлік белсенділігін әрі қарай ынталандыруды жалғастыру мақсатында қазір елімізде «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы табысты жұмыс істеуде.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бүгінде жалпы саны 67 мыңнан астам адам еңбек ететін 600-ден астам кәсіпорынға қолдау көрсетіп отыр. Қосымша 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда», - деді бұған дейін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов.

«БЖК-2020» бағдарламасын жүзеге асырудың 2011 жылғы қорытындысы, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге уақтылы көрсетіліп отырған қолдау әртараптандырылған экономиканы жалпы дамытудың құралы болып табылады.

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының 2012 жылдың 4 қаңтарындағы мәліметіне сүйенсек, Бағдарламаның жаңа бизнес-бастамаларды қолдауды қарастырған бірінші бағыты бойынша 567 келісімшарт жасалып отыр. Берілген несие сомасы - 96 848 млн. теңгені, төленген субсидия сомасы  2 875 млн. теңгені құрайды.

Ал екінші, «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» бағыты бойынша субсидиялау туралы 116 келісімшартқа қол қойылды. Жалпы кредит сомасы - 110 696 млн. теңгені, төленген субсидия сомасы 3 923 млн. теңгені құрады. Жасалған келісімшарттардың басым үлесі Алматы қаласы мен Алматы облысына (16 келісімшарттан), Қостанай облысына (13 келісімшарт), Ақмола облысына (9 келісімшарт), Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе облыстарына (8 келісімшарттан) тиесілі.

Сонымен қатар, үшінші, «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» бағыты бойынша 58 шарт жасалып отыр. Жалпы несие сомасы - 6 466 млн. теңгені, төленген субсидия сомасы 2 681 млн. теңгені құрады.

Айта кету керек, барлық бизнес-жобалар бойынша жасалған келісімшарттар бойынша несие қаражаттарының 49 пайызы - өңдеу өнеркәсібіне, 18 пайызы - көлік және логистика саласына, 10 пайызы - ауыл, орман және балық шаруашылығына, 9 пайызы - денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, 5 пайызы - қонақ үй және тамақтандыру сервисіне, 3 пайызы  білім беру саласына тиесілі. Өңірлер бөлінісіне келер болсақ, ең көп субсидиялар Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Ақтөбе облыстарына беріліп отыр.

Және бағдарлама аясында «Кәсіпкерлік әлеуетін күшейту» бағытты нәтижелі жүзеге асырылуда.

«Бизнестің жол картасы -2020» кәсіпкерлерді қолдаудың нақты құралы болып табылады. Бағдарламаны жүзеге асырудың арқасында жыл сайын 400 млрд. теңге соманың несиесі арзандатылады деп күтілуде. Және ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,5 пайызға дейін төмендеп, экспорттың жалпы көлеміндегі шикізатты емес экспорттың үлесі 40 пайызға дейін артады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар