10:55, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша алынған жеңілдетілген несие кәсіпорынға өнімнің жаңа түрлерін игеруге септігін тигізді - Павлодар
ПАВЛОДАР. 12 ақпан. ҚазАқпарат - «ҚазПрофБезопасность» компаниясы өнімнің жаңа түрлерін игерді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Компания өңірдің қажеттілігін 50 пайызға қамтамасыз ете отырып, көмір және металлургия өндірісі өнеркәсібі үшін арнайы киім шығарады. Кәсіпорынның өнімі ресейлік компаниялардың тауарына қарағанда анағұрлым арзан.
Өткен жылдың соңында компания арнайы резеңке жұмыс аяқ киімі өндірісін және тұрмыста тұтыну цехын ашты.
Айта кетейік, аталмыш кәсіпорын екі жыл ішінде мемлекеттік қолдаудың арқасында өндіріске 20 млн.-нан астам теңге қаражат құйды.