«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларымен шамамен 30 мың кәсіпкер қамтылды

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларымен шамамен 30 мың кәсіпкер қамтылды.
None
None

Бұл туралы бүгін бизнесті қолдау бағдарламалары жүзеге асыру мәселелеріне арналған респубилкалық семинарда ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Саркеев мәлім етті.

«Бұл өте салмақты цифр. Қолдау шараларының арқасында 132 мың жұмыс орны сақталды және кәсіпорындарда 35 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда», - деді ол.

Министрліктің ақпаратына қарағанда, ағымдағы жылдың 30 шілдесінде бағдарламаның барлық үш бағыты бойынша жалпы құны 528,33 млрд. теңгені құрайтын 1717 өтінімді субсидиялау мақұлданды. Оның ішінде несие бойынша кепілдік берудің сомасы 14,32 млрд. теңгені құрайтын 56  өтінімі келісілді. Сонымен қатар 49,01 млрд. теңгеге 263 кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымдарын салу және жаңғырту жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар