«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы «Қазақстан - 2030 стратегиясымен» үйлесімді үндеседі - Беларус кәсіпкерлері одағының төрағасы

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бұған дейін қабылданған «Қазақстан - 2030 стратегиясымен» үйлесімді үндеседі.
None
None

Бұл туралы Интерфакс-Батыс агенттігіне берген сұхбатында Беларус кәсіпкерлері одағының (БКО) төрағасы Александр Калини мәлім етті.

«Беларус кәсіпкерлері одағы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бұған дейін қабылданған «Қазақстан - 2030 стратегиясымен» үйлесімді үндесетінен назар аудартады. Қазақстан бізге жақсы үлгі көрсетуде және Беларусқа да бизнес қауымдастықтың пікірін ескере отырып, осындай құжат әзірлеу керек», - дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, ырықтандыру үрдістері жүріп жатыр (ред.- Беларуста), бірақ онда қарқын жоқ. «Егер біз экономиканы ырықтандыру туралы айтып жатқан болсақ, онда бізге үкіметтің бұл саладағы нақты іс-шаралар жоспары қажет. Себебі жоспар болған жағдайда ғана, біз үкіметтің болжалды іс-шаралары мен олардың жүзеге асырылу мерзімі жайында біле аламыз. Жекеменшік бизнеске де өзінің болашағын айқындауға жеңіл болар еді», - деп атап өтті А.Калинин.

БКО төрағасының пайымдауынша, бизнесті дамытудың «жол картасын» әзірлеуде Қазақстанның бұл бағыттағы тәжірибесі жақсы негіз болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар