11:35, 26 Ақпан 2012 | GMT +5
«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыру басталғалы бері 970 кәсіпорын мемлекет тарапынан қаржылай қолдауға ие болды
АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыру басталғалы бері 970 кәсіпорын мемлекет тарапынан қаржылай қолдауға ие болды.

Бұл туралы ҚР Экономикалық сауда және даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрағасы Кайрат Әйтекенов Pm.kz сайтына берген сұхбатында мәлім етті.
Бір жарым жылдың ішінде «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 970 кәсіпорын банк тарапынан ұсынылатын субсидиялар мен кепілдендірілген кредиттік ресурстарға ие болды», деді К.Әйтекенов.
Сондай-ақ ол бағдарлама іске асырылғалы бері мемлекеттік бюджеттен 10 млрд. теңге бөлінгендігін жеткізді. Ал бағдарламаның мультипликатты әсері 300 млрд. теңгені құрады.