«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаржының бір бөлігі игерілмей қалуы мүмкін - облыс әкімінің орынбасары

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Банктер жарияланған көп жобаның аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына азы ғана жетеді. Бұл туралы «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылауға арналған «Даму» қорында өткен кеңесте Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Тәкенов мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, осының нәтижесінде, бағдарламаны жүзеге асыруға бөлген қаражаттың бір бөлігі ағымдағы жылы игерілмей қалуы мүмкін. Осы мәселе алдағы жылдардағы субсидияларға арналған несие қоржынын жасауда да қиыншылықтардың туындауына әкеліп отыр. Атап айтқанда, Алматы облысында 2010 жылға жоспарланған 970 миллион теңге бюджет қаражатының 300 миллионға жуығы игерусіз қалып отыр.

«Себеп - банктердің төмен белсенділігі, олардың аймақтардағы бөлімдерінің өз бас кеңселерімен және жергілікті атқарушы органдармен үйлестірілген жұмыстарды жүргізбеуі. Бүгінде облыста аталмыш бағдарламаның ең белсенді қатысушылары Қазақстанның Халық банкі мен Ресейдің Жинақ банкі», - деп атап көрсетті әкімнің орынбасары өз сөзінде.

Кеңеске қатысқан екінші деңгейлі банктердің өкілдері өз кезектерінде, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасында көрсетілген басымдықты секторлардың тізімі мен банктердің несие қоржындарының салалық бағыттарының арасындағы айырмашылықтардың мақұлданған жобалардың аз болуының негізгі себептері екенін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар