«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес Батыс Қазақстанға 1208 млн. теңге бөлінді
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы Галина Варфоломееваның айтуынша, аталған қаржының 797 млн. 384 мың теңгесі жеке кәсіпкерлерді қолдауға, 355,6 млн. теңгесі сервистік қызмет көрсетуге, 410 млн. 565 мың теңгесі өндірістік инфрақұрылымдарды дамытуға берілді. Сондай-ақ «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының екінші бағыты аясында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін облысқа республика бюджетінен 3,2 млрд. теңге бөлінген болатын. Аталған қаржының 3 172,8 млн. теңгесі ауыл тұрғындарын шағын несиемен қамтамасыз етуге, 72,3 млн. теңге жеке жұмысын бастаған ауылдықтарға кәсіпкерлік негіздерін үйретуге жұмсалды. Ауыл кәсіпкерлеріне 5 жыл мерзімге 3 миллион теңге көлемінде несие берілуде. Бүгінгі таңда облыс бойынша 388 несие серіктестігін несиелеу жөнінде келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта 1400 адамға несие беріліп, 3 172,8 млн. теңге бюджет қаржысы игерілді.