13:38, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасына жастар да өз үлестерін қоса алады
ОРАЛ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасына жастар да өз үлестерін қоса алады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық жастар мәслихатының ХХ сессиясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жиында аталған бағдарламаға сәйкес орта және шағын бизнесті дамыту жолдары сөз болып, «Жаңа толқын» ЖҚБ төрағасы Дәурен Сатқанов жастарға кәсіпкерлікпен шұғылданудың тиімді екендігін атап өтті.
Жастар мәслихаты Елбасының биылғы Жолдауын жүзеге асыруға атсалысатын болады. «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары Абат Шыныбеков қатысқан сессияда сондай-ақ Зачаган кентінде жастарға арналған спорттық алаңдар салу, жас кәсіпкерлерді қолдау, облыстық жастар мәслихатының жұмысын жетілдіру мәселелері де талқыланды.