«Бизнестің Жол картасы -2020: гендерлік сипаты» жиынына қатысушылар арнайы қарар қабылдады

әуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін «Бизнестің Жол картасы -2020: гендерлік сипаты» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында жиынға қатысушылар бірқатар мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолдай отырып, арнайы қарар қабылдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға қатысушылар Елбасының ағымдағы жылғы Жолдауында қамтылған стратегиялық басымдықтарды, сондай-ақ әйелдердің V форумында әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған Президент жүктеген тапсырмалардың орындалуын толық қолдайтындықтарын мәлімдейді. Cонымен бірге, басқа да мәселелермен қатар Елбасы Жолдауында жаңа экономикалық серпілісті құрудың негізгі басымдықтары анықталғанын, осы шаралар арқылы елдегі индустрияландыру жүзеге асатынын, соның нәтижесінде қазақстандық бизнеске қолдау жасалатынын және кәсіпкерліктің жаңа толқыны қалыптасатынын атап өтеді.

Қабылданған қарар бойынша шағын және орта бизнесті қолдау тетіктерін талқылай келе жиынға қатысушылар бірнеше бағыттарға ерекше тоқталып, бірқатар мемлекеттік органдарға ұсыныстар жасап отыр. «Атап айтқанда, ҚР Парламентінің депутаттары заңнамаға «әйелдер кәсіпкерлігі» ұғымын енгізу жөнінде және бизнесті жаңа бастаған бұндай кәсіпкерлерге «салық каникулдарын» ұсыну қажеттігі туралы бастамалар жасаулары тиіс. Мемлекеттік атқарушы органдар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру барысында гендерлік сипатты қамтамасыз етулері керек. Аталған бағдарламаның ашықтығын қамтамасыз ету үшін түрлі шаралар ұйымдастырулы қажет. Әйел кәсіпкерлер үшін қаржы ресурстарына қолжетімділікті жеңілдету жолдарын қарастырулары шарт. Бизнес қоғамдастық қоғамдық ұйымдар мен салалық бірлестіктер құру жолымен кәсіпкерлердің құқын қорғауға қатысты жұмыла түсулері керек», делінген қарарда.

Сонымен бірге, дөңгелек үстелдің қатысушылары қарарда қамтылған шараларды толық жүзеге асыру «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын тиімді жүргізуге септігін тигізетінін атап өтеді.

Соңғы жаңалықтар