БҚО әкімі білім саласының ардагеріне құрмет көрсетті

Ізтілеу Сүндетұлы 1947 жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген соң, музыка училищесінде оқытушы, облыстық білім басқармасының инспекторы, мектеп директоры, облыстық партия комитеті үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, кейін сол бөлімнің меңгерушісі, мектеп бөлімінің меңгерушісі, облатком ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, облыстық партия комитетінің идеология бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарған. Ал 1963 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін облыстық білім беру бөлімінің меңгерушісі болып жемісті еңбек еткен. Үкімет оның еңбегін жоғары бағалап, Еңбек Қызыл Ту, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапаттаған.
Білім саласының ардагері облыс басшысына қабылдап, құрмет көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.