БҚО әкімі этномәдени бірлестіктер өкілдерін қабылдады

ОРАЛ. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 17 жыл. толуына орай облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерін қабылдады.
None
None

Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде  елдің қарышты  дамуында  ұлтара­лық ынтымақтың маңыздылығына тоқталған облыс басшысы өткен жылы өңірде атқарылған жұмыстар мен табыстарды тілге тиек етті.

-Біз елдегі ішкі татулық пен ұлтаралық береке-бірлік­тің нәтижесінде биік белестерді ба­ғын­дырып, алға қадам ба­сып келе­міз. Қазақстанның толайым табыс­тарға жетіп, жан-жақты дамуы­ның алғышарты - дінаралық және
ұлт­аралық татулықты нығайтуда, ассамблея­ның маңызы зор. Былтырғы жыл­дың өзінде елдегі тұ­рақтылық пен келісімнің нәти­же­сінде Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, Президент сайлауын ұйымшыл­дық­пен өткізді. Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде 20 жыл­дың ішінде елде қоғамдық тұрақтылық пен мызғымас бірлік орнады, - деген Нұрлан Асқарұлы алдағы уақытта да Қазақстан халқы Ассамблеясымен тығыз қа­рым-қатынаста қызмет істейтіндігін атап өтті.

Бұдан соң өңір басшысы татар мәдени орталығының төрағасы Ришат Хайруллинге мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрмет грамотасын, ал «Бірлік» әзірбайжан мәдени-ағарту қоғамының төрағасы Валихан Мамедалиев пен украин мәдени-ағарту қоғамының төраға­сы Виктор Тарасенкоға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоқжановтың ал­ғысхаттарын табыстады.

Бүгінгі таңда облыста 30-дан аса этномәдени бірлестік бар. Жиынға қатысқан түрлі ұлттық орталықтың өкілдері мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, облыс әкімдігінің ресми сайтынан арнайы блок ашу мәселелерін орта­ға салып, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамыту бағытын­да ойларымен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар