БҚО әкімі «Қазагроқаржы» АҚ басқарма төрағасымен шаруа қожалықтарын қаржыландыру мәселесін талқылады

ОРАЛ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов БҚО-ға жұмыс сапарымен келген «Қазагроқаржы» АҚ басқарма төрағасы Дулат Айтжановпен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Д.Айтжановтың айтуынша, «Қазагроқаржы» ұсынып отырған инвестициялық жобаларды аймақтарда кідіріссіз жүзеге асыру үшін мұндай кездесулер аса қажет. Өйткені жергілікті шаруалармен ортақ мәмілеге келген тұста жер мәселесіне, құжат рәсімдеуге байланысты кейбір сұрақтар туындауы мүмкін. Әңгіме барысында облыс басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов жергілікті әкімдіктер тарапынан тиісті қолдаудың болатынын айтты. Демек, батысқазақстандық шаруа қожалықтарға көкөніс сақтау қоймалары мен жылыжай шаруашылығын, құс фабрикалары мен сүт өнімдері фермаларын іске қосуға бағытталған мемлекеттік қаржылай қолдауға ие болу үшін еш кедергі жоқ. 

Облысқа сапары кезінде Дулат Айтжанов жергілікті шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесіп, бұрын қаржыландырылған қос жобаның құрылысымен танысты. Алғашқысы «Батыс Күнбағыс» АҚ өсімдік майы зауыты  ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға берілсе, екінші жоба - «Ақас» шаруа қожалығының базасындағы сүт фермасына желтоқсан айында еуропалық сүтті сиырлар жеткізіліп, өнім бере бастамақ.

Соңғы жаңалықтар