БҚО әкімі Латвия Республикасының Қазақстандағы елшісін қабылдады

ОРАЛ. 11 шілде. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев 11 шілде күні Латвия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Юрис Маклаковсті қабылдады.
None
None

Кездесуде аймақ пен Латвия елі арасындағы қарым-қатынасты нығайту, кәсіпкерлік ісін өрістету мәселелері талқыланды.

Латвия елшісінің айтуынша, бұл - оның Батыс Қазақстанға алғаш келуі. Мақсат - өзара тиімді байланысты жолға қою. Бұл ретте латвиялық кәсіпкерлердің Қазақстанның батыс өңіріне қызығушылығы жоқ емес.

Батыс Қазақстан облысының Латвиямен тауар айналымы биылғы бес айда 10,4 млн. АҚШ долларын құраса, соның 10,3 млн. доллары - экспорт, 178,0 мыңы - импорт. 2012 жылы бұл көрсеткіш 9,5 млн. доллар (9,4 миллионы - экспорт, 76,5 мыңы - импорт) болған еді. Латвиялық қаржының қатысуымен БҚО аумағында тіркелген кәсіпорын әзірге жоқ.

Елшінің және бизнес құрылымдары, турфирма, ЖОО өкілдерінің қатысуымен «Алгоритм» технопаркінде «Латвия Республикасы кәсіпорындарымен ынтымақтастықты дамытуда Батыс Қазақстанның әлеуеті» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум