БҚО әкімі мен сенаторлар Жаңақала прокуратурасын жаңа ғимаратқа қондырды

ОРАЛ. 30 шілде. ҚазАқпарат - 30 шілде күні Жаңақала ауданы прокуратурасының жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды.
None
None

Оның ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Рашид Ахметов, Ерболат Мұқаев, облыс прокуроры Жақсылық Байтұқбаев қатысты.

Жалпы ауданы 300 шаршы метр ғимаратты «Жайықсельстрой» ЖШС үш ай мерзімде салып бітірді.

«Қандай қоғамда да тәртіп - басты мәселе. Елбасымыздың құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру жөніндегі тапсырмасы бойынша прокуратура ғимараттары облыстың барлық аудандарында да салынады. Бүгін, міне, сіздердің  аудандарыңызда ғимараттың ашылу рәсіміне қатысып тұрмыз. Қуаныштарыңыз ұзағынан болып, елдің игілігі үшін пайдаланыңыздар», - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Өңірде осымен алтыншы ауданда прокуратураның жаңа ғимараты салынып отыр.

Соңғы жаңалықтар