БҚО әкімі республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Озғанбаевты қабылдады

ОРАЛ. 12 шілде. ҚазАқпарат - 11 шілде күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Батыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келген республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, белгілі тарихшы-ғалым Өмірзақ Озғанбаевты қабылдады.
None
None

Кездесуде ардагерлер ұйымының алдында тұрған міндеттер, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына әзірлік әңгіме өзегіне айналды. Елбасы тапсырмасына сәйкес ардагерлерге, әсіресе, Ұлы Отан соғысында ел қорғаған майдангерлерге, тыл еңбеккерлеріне жан-жақты қамқорлық көрсетіліп отырғаны айтылды.

«Ұлы Жеңістің 70 жылдығына көп қалған жоқ. Осыған орай елімізде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл соғыс Батыс Қазақстан облысын да шарпыды. Сталинград майданының жақын тылы болған өңірде шайқас іздері сайрап жатыр. 12 шілде күні болатын облыстық ардагерлер кеңесінің пленумында осы мерейтойға әзірлік, басқа да көкейкесті мәселелер талқыланбақ», - деді Ө.Озғанбаев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум