БҚО әкімі салынып жатқан құрылыс нысандарында болды

ОРАЛ. 13 шілде. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев 13 шілде күні Орал қаласындағы салынып жатқан құрылыс нысандарында болды.
None
None

Оның бірқатары қаржы тапшылығына байланысты кейіндеп қалған нысандар еді. Соның бірі - Деркөл кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Бұл кешенді «Best» құрылыс компаниясы салуда. Мұнда тұрғындар қыста мұз айдынында хоккей, жазда футбол, волейбол сынды спорт түрлерімен айналыса алады. Әмбебап нысанның спорт залын биыл пайдалануға беру көзделсе, қалған құрылыстары келесі жылға қалмақ.

Қаладағы Асан Тайманов, Алмазов, Чагано-Набережная, С.Даумов көшелерінде «ҚПО б.в.» компаниясының қаржысына «Техстрой» ЖШС жолды күрделі жөндеу үстінде. Ал «Болашақ-Т» ЖШС Жайық жағалауын демалыс орнына айналдыруда. Сол секілді Зачаган кентіндегі №20 мектеп ауданындағы саябақ құрылысы негізінен (субұрқақтан басқасы) биыл аяқталмақшы.

Облыс басшысының атап өткеніндей, бұл нысандар халық игілігі үшін барынша сапалы, уақтылы іске қосылуы керек. Әсіресе, тұрғындар спорт пен демалыс орындарын тегін пайдаланады. Сондықтан мұндай әлеуметтік нысандардың заман талабына сай жұмыс жасауы ерекше маңызды. Осыған орай әкім тиісті тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар