БҚО аудандарында ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі жалғасуда

ОРАЛ. 15 қазан. ҚазАқпарат - Жаңақала ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен қыркүйектің алғашқы сенбісінен басталған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі апта сайын өз жалғасын тауып келеді. Осындай кезекті жәрмеңке 13 қазан күні өтті.
None
None

Жәрмеңкеге ауданның барлық округінің кәсіпкерлері мен тұрғындары өздері өндірген өнімдерін ұсынады. Сондай-ақ қа­ладан, көршілес аудандардан да сатуға өнім әкелетіндердің сауда жасауына жағдай жасалған. Жәрмеңкеде салмағы 500 келіні құрайтын шөп бумасы 3 мың теңгеден, арпаның қабы 2 мың теңгеден сатылды. Кәсіпкер Ж.Базекешев жеммен бірге бірінші сортты астықтың қабын 2600 теңгеден, жоғары сортты ұн қабын 4 мың теңгеден саудаға шығарса, енді бір жеке кәсіпкердің «Айлана» дүкені картоптың келісін 45 теңгеден, пиязды 55 теңгеден, сәбізді 80 теңгеден, асқабақты 60 теңгеден ұсынды. Сонымен қатар қарбыздың келісі 60 теңгеден, қауын 100 теңгеден, сазанның келісі 300 теңгеден, табан балық 200 теңгеден сатылды. Сол күні сиыр етінің бір келісінің бағасы 1000 - 1200 теңгеден болды.

Сары май, қаймақ, сүт, айран, құрт сатушылардың маңында тұрғындар көбірек жиналды.

Жәрмеңкеде қолөнер бұйымдарын, шаруашылық тауарларын сатушылар да аз болмады. Аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің мамандары жәрмеңкенің қараша айының басына дейін жалғасатынын айтады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум