БҚО: Аудандық ІІБ бастығының орынбасары мен учаскелік инспекторға қатысты үкім өзгеріссіз қалды
Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы мамырда Теректі аудандық ІІБ бастығының орынбасары Б.Жылгелдиев пен учаскелік инспектор І. Дәуітов сыбайлас жемқорлыққа барғаны үшін Орал қалалық сотының үкімімен айыпты деп танылды. Аталған полицейлер кәсіпкерден қамқорлық жасағаны және ауданда жұмыс жасауға мүмкіндік бергені үшін 500 мың теңге талап еткен. Олай болмаған жағдайда заңсыз кәсіпкерлікпен айналыстың, қылмыстық жауапкершілікке тартамын деп қорқытқан. Қаржының бір бөлігін алу үстінде Жылгелдиев, одан кейін Дәуітов те ұсталған.
Бірінші сатыдағы сот Жылгелдиевті ҚР ҚК-нің 311-бабы 2-бөліміне сәйкес мүлкін тәркілеумен 4 жылға, Дәуітовті ҚР ҚК-нің 307-бабы 2-бөлімі, 28-бабы 5-бөлімі - 311-бабы 2-бөлімі бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Енді олар жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.