БҚО ауданында әйелдер мен жастардың кәсіпкерліктерін қолдау жобасы жүзеге асырылады

ОРАЛ. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Таяуда Еуропалық қайта құру және Даму банкінің (ЕҚДБ) Қазақстандағы BAS бағдарламасы және «Би Джи Қазақстан» компаниясы бірлесе отырып, Бөрлі ауданында әйелдер мен жастар арасында шағын кәсіпкерлікті қолдау жобасын жүзеге асырмақ.
None
None

ЕҚДБ Қазақстандағы BAS бағдарламасының жобасы бойынша бас маманы Нафисат Ермағамбетованың айтуынша, жаңа жобаны «Би Джи Қазақстан» компаниясы өзінің әлеуметтік инвестициялары аясында қаржыландырмақ. Қанатқақты бағдарлама Елбасының Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын қолдауға бағытталған. Аталмыш жоба Орал қаласындағы консалтинг апталығынан бастау алмақ. Одан әрі бұл апталық Ақсай қаласында жалғасып, екі күндік бағдарлама шеңберінде бизнес-жоспарлау, стратегия, маркетинг, бизнес-процестерді басқару, адами ресурстар мен сапа менеджментін басқару салаларына қатысты сессиялар өткізілмек. Апталық аясында кәсіпкерлер бизнесті жүргізудің күрделі мәселелерін талқылап, жаңаша жобалау мүмкіндіктерін қарастырады және басқа да қазақстандық компаниялардың іс-тәжірибесімен танысады. Бұл кәсіпкерлердің бизнестегі сауатын арттырып, кәсібін жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ЕҚДБ BAS бағдарламасы аймақтағы жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға бизнес диагностикасы, кәсіпорынның консалтингке мұқтаждығын анықтауға көмектесу, жобаның техникалық тапсырмасын дайындау, кеңесші іздеу және консультациялық жобаларды ұйымдастыру бойынша көмектеспек. Бағдарлама аясында озық жоба иелері консалтингтік жоба құнының 75 пайызы көлемінде грант ұтып ала алады. Грант сомасының мөлшері 10 мың еуродан аспайды.

Соңғы жаңалықтар