БҚО балық инспекциясына алты автокөлік берілді

ОРАЛ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 28 желтоқсан күні БҚО балық инспекциясына алты «УАЗ» автокөлігі берілді.
None
None

Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықовтың атап өткеніндей, өңірде жалпы ұзындығы 2700 шақырымға жететін жүзден аса өзен және 200-дің үстінде су айдыны бар. Бұл өзендер мен көлдердегі балық қорын қорғауда балық инспекциясының рөлі зор. Соңғы жылдары Үкімет, тиісті ведомство тарапынан инспекцияның материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында айтарлықтай істер қолға алынуда. Бұл жолы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті су жаңа қызметтік көліктерді тарту етіп отыр. Бұдан бұрын суда жүзу құралдары берілген еді. Мұның бәрі заңсыз балық аулаушылармен және шетке балық өткізушілермен күресті күшейту бағытында жасалып отыр.

Шара барысында сөз алған аталмыш саланың ардагерлері кеңес заманының өзінде мемлекет тарапынан мұндай жағдай туғызылмағанын жеткізді. Ал инспекцияға көлік атаулысы жиырма жылдан бері алынбаған екен.

Балық инспекциясы басқармасының бастығы Сапарғали Көпболсыновтың айтуынша, кейбір өзен-көлдердің арақашықтығы 500 шақырымға дейін жетеді. Оған бару үшін көлік керек. 90-жылдардың басында алынған жалғыз «Нива» автокөлігі бар еді. Енді 2-3 инспекторға бір көліктен келіп отыр.

Соңғы жаңалықтар