БҚО басшысы Н.Ноғаев Қазталов ауданына әкім болып тағайындалған Р.Өтешевті таныстырды

ОРАЛ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Рыспай Құрманұлы Өтешев Қазталов ауданының әкімі болып тағайындалды.
None
None

7 наурыз күні облыс басшысы Қазталов ауданында болып, аудандық мәслихаттың кезектен тыс III сессиясына қатысты.

Сессияда облыс әкімі Қазталов ауданы әкімі қызметіне Рыспай Құрманұлы Өтешевтің кандидатурасын ұсынып, оның өмірбаяны мен қызметін таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдады.

Облыс басшысы Қазталов ауданы әкімі қызметіне тағайындалған Рыспай Өтешевті аудан активіне таныстырды. Р.Өтешев бұған дейін Жәнібек ауданының әкімі болды, басқа да лауазымды қызметтерді атқарды.

Актив жиналысында сөз алған еңбек ардагері Ихсан Құтхожин, Көктерек ауылдық округінің әкімі Сәрсенбі Бектеміров жаңа басшының қызметіне табыс тіледі.

Актив жиынын қорытындылаған облыс әкімі ауданның атқарушы органдары және қоғамдық ұйымдары жаңа тағайындалған аудан әкімімен  ауызбірлікте жұмыс атқарып, табыстарға жетулеріне тілек білдірді және 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады.

Сапар барысында облыс басшысы Жалпақтал ауылында да болды. Мұнда 2010 жылы ашылған «Балдәурен» балабақшасын, К.Меңдәлиев атындағы мектепті аралап көріп, ауылдық активпен және ардагерлермен кездесті. 23 ақпан күнгі аудан активімен кездесуде көтерілген мәселеге байланысты осы өңірдегі қар тазалау жұмыстарымен де танысты.

Соңғы жаңалықтар