БҚО: «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде 240 млн. теңгенің 11 жобасы қаралды

ОРАЛ. 25 сәуір. ҚазАқпарат - 24 сәуір күні «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімовтің төрағалық етуімен аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысы болып, онда 240 млн. теңгені құрайтын 11 жоба қаралды.
None
None

Соның ішінде «Абдулин» ЖК 12,2 млн. теңгеге жүк тасымалдауды жолға қоймақ (1 жұмыс орны). Қазіргі кезде жеке кәсіпкерліктің еншісінде металл, халық тұтынатын тауарлар, құрылыс материалдары мен түрлі жүкті облыс ішінде, Ресейдің көршілес аймақтарына тасымалдап жүрген қос автокөлік бар.

«Евенеева» ЖК 68,3 млн. теңгеге жаңа өндіріс желісін құрып, 20 жұмыс орнын ашпақ. Жеке кәсіпкерлік директоры Балзия Евенееваның сөзіне қарағанда, печенье өндіруді іске қосқан кезде өнім көлемі молайып, экспортқа шығаруға да мүмкіндік тумақ.

Аталмыш бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері өңірде 332 млрд. теңгеге 207 жоба жүзеге асырылды.

Соңғы жаңалықтар