17:14, 22 Ақпан 2010 | GMT +5
БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қозғаған қылмыстық істер бойынша 9,3 млрд. теңге өндірілді
ОРАЛ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті өткен жылы 723 қылмыстық іс қозғаса, соның 355-і - экономикалық, 92-сі сыбайластық болып есептеледі.
Өндірісі аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған жалпы залал көлемі 12 млрд. теңгені құрап, соның 9,3 млрд. теңгесі өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Департамент бастығы Александр Кривобоковтың айтуынша, салықтық тексерулер нәтижесінде 53 қылмыстық іс қозғалған, бұл алдыңғы жылғыдан 1,7 есеге аз. Есесіне қылмыстық жауапкершікке тартылған субъектілер саны 35-тен 45-ке жетті. Мұндағы залал көлемі 10,2 млрд. теңгені құрап, соның 9,1 млрд. теңгесі немесе 90 пайызы өндірілді.
Экономика саласында 32 қылмыстық іс қозғалып, келтірілген залал 416,8 млн. теңгені құрады.