БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызмет бабын теріс пайдаланған азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғады

ОРАЛ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызмет бабын теріс пайдаланған азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап. Шетелдік компания филиалының директоры міндетін уақытша атқарған Б. деген азаматша сол мезетті «тиімді» пайдаланып, өз есепшотына 3 млн. теңге көлеміндегі мекеме қаржысын аударып жіберген. Ал аудандардың бірінде құрылыс бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейтін азамат су құбыры құрылысы кезінде орындалмаған жұмыс көлемін қабылдап алып, мемлекетке 4,1 млн. теңге залал келтірген. Сондай-ақ құқықбұзушылыққа бармаған азаматтардың үстінен жалған әкімшілік материал толтырып, олардың құқығына нұқсан келтірген ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Орал қалалық аумақтық инспекциясы инспекторлары да департамент қармағына ілікті.
Соңғы жаңалықтар