БҚО-да 306,4 млн. теңгеге тоғыз жоба мақұлданды

Жобалар негізінен құрылыс материалдары өндірісі, мектепке дейінгі білім беру қызметі, көліктік қызмет пен техникалық қызмет көрсету стансасы, демалыс пен ойын-сауық ұйымдастыруға бағытталған. Атап айтқанда, «АзияТехСтрой» ЖШС-ға жабдықтар мен техника алу үшін қос бірдей жобасын жүзеге асыру мақсатында бағдарламаның бірінші бағыты бойынша пайыздық мөлшерлемесін демеуқаржыландыруға мүмкіндік беріліп отыр. «Казтур» ЖШС да осындай жеңілдік арқылы арнайы техникаға қол жеткізбекші. «Искакова Сауле Утеповна» және «Батыров Габдула Абулкаирович» жеке кәсіпкерліктерінің негізгі құралдарды жөндеу мен алу және қайта құру жөніндегі жобалары бағдарламаның екінші бағыты бойынша қолдау тапты. «Урынбеков Акындан Амангельдиевич» ЖК мемлекет қолдауымен МАЗ 544 019-1421-031 ныспылы автокөлік пен KOGEL SNCS24 жарты тіркемесіне қол жеткізбекші. «Наурзалеева» ЖК техникалық байқау орталығы құрылысын салуды көздесе, «Восход Евразии» ЖШС жылжымайтын мүлік сатып алмақшы. «Сабира» ЖК «Жабдық, автокөлік, шикізат сатып алу және жалгерлік ақысын төлеу» жобасын жүзеге асырмақшы.
Айта кетейік, жобаларды жүзеге асыру барысында бұрынғыларын сақтай отырып, жаңадан жұмыс орындары ашылатын болады.