БҚО-да 43,4 мың гектар жердің игерілмегені анықталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында ауыл шаруашылығы саласына да ерекше көңіл бөлінген. Осыған орай облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Салауат Нұрғалиев өз ой-толғамымен бөлісті.
None
None

Оның айтуынша, 35-қадамда «Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нақты айналымға енгізу, Жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу» жөнін­де айтылса, 36-қадамда «Жер те­­лім­­дерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу ресімде­рін же­ңілдету. Ауыл шаруашылы­ғы жер­­­­лерін пайдалануға тұрақты түр­­­­де мониторинг жүргізу. Бар­лық пайдаланылмай жатқан жерді ал­дағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру сөз болады. Бұл қадамдар облыстық жердің пайдаланы­луы мен қорғалуын бақылау бас­­қармасына тікелей қатысты.

Басқарма ҚР Жер кодексін, «Қазақ­стан Республикасындағы мем­­ле­­кет­тік бақылау және қада­ға­лау туралы» Заңын басшылыққа алып, өңірдің барлық ау­дандары мен қала аумағындағы ауыл шар­уашылығы мақсатындағы жер­лер бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік ба­қылауды жүргізуде. Таяуда, яғни 10 тамызда жалпы көлемі 48,0 мың гектар ауыл шаруашылығы мақ­са­тындағы егістік, жайылымдық жә­­не шабындық жерлерге тексе­ру жұмысы жүргізілді. Нәти­жесінде 95 шаруашылықтың жал­­­пы көлемі 43,4 мың гектар жер­ді игермегендігі анықталды. Мәселен, Зеленов ауданында 10,7 мың, Қазталовта 7,6 мың, Тас­қала­­да 7,2 мың, Жәнібекте 4,6 мың, Жа­­­ңа­­­қала­да 3,8 мың, Бөкей ор­­да­сында 3,1 мың, Бөрліде 2,4 мың жә­­не Орал қала­сын­да 1,7 мың гек­­тар жер иге­ріл­ме­ген. Оларға жер заң­на­ма­сы­на сәй­кес тиісті нұсқа­ма­лар берілді.

Басқарма Зеленов ауданын­дағы 8 шаруашы­лық­тың 6,6 мың, Тасқаладағы 3 шар­уашы­лық­тың 1,0 мың, Қазта­ловтағы 18 шаруа­шы­лықтың 9,3 мың және Орал қа­ласындағы 3 шаруа­шы­лықтың 1,0 мың гектар көлеміндегі ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты құжаттарына сараптама жасады. Сондай-ақ алдын ала далалық тексеріске шы­ғу жұмысын жос­пар­лап, әрі қа­рай тұрақты түрде тексеру амалдарын жалғастыру бағытында жұмыстанатын болады. Басқарма «Пайдаланылмай жа­тырған ауыл шаруашылығы мақ­сатындағы жерлерге белгіленген жер салығының мөлшерлемесін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар» деп көрсетілген ҚР Салық ко­дексінің 387-бабының 1-1-тар­мағы бойынша және осы нормаларды жергілікті жерде қолдану жөнінде барлық аудан және қа­ла әкімдерімен бірлесіп жұмыс жүр­гізуде. Бұдан басқа ҚР Жер кодексінің 65-бабында белгіленген міндеттерді орындамаған ауыл шаруашылығы тауар өнді­ру­ші­лердің жерлерінің жалдау шарт­тарын мезгілден бұрын бұзу бойынша шара қолдану бағытын­да жергілікті атқарушы және уә­кілетті органдармен тиісті іс-ша­раларды атқаруда.

Айта кетейік, өңірдегі тү­гендеу, тексеру жұмыстары нәтижесінде анықталған пайдаланылмай жатырған жерлер бойынша жер телімін жалдау шарттарын бұзу және мәжбүрлеп алып қою жұмыстарын жүргізу арқылы жалпы көлемі 442,1 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптары мемлекет меншігіне қайтарыл­ды.

Соңғы жаңалықтар